«Таза Қазақстан»: Астана спортшылары экологиялық акция өткізді

5071
Фотосурет: Gov

Наурыз мейрамы – табиғат пен адамзаттың жаңаруын бейнелейтін ерекше мереке. Бұл күні игі істерге бастамашы болу дәстүрге айналған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы орайда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, қаланың әртүрлі орындарында спортшылар өздерінің жарыс өткізетін орындарын қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне үлес қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция барысында спортшылар, бапкерлер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары бірігіп, Наурыз мерекесі аясында өткен спорт сайыстарының орындарында тазалық жүргізді.

«Наурыз мейрамы аяқталған соң ЭКСПО алаңында жарыс өткізген бапкерлер мен қала тұрғындары бірігіп, орындарды жинап шықты. Бұл бастама – қоршаған ортаны таза ұстауға деген құрметтің белгісі. Спорт тек денсаулықты нығайту ғана емес, ол – тәртіп пен жауапкершілік. Біздің спортшылар үлгі бола отырып, жастарды табиғатты қорғауға шақырады», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

«Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын өтетін экологиялық бастама ретінде қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -