Қазақстан мен ХКҰ ынтымақтастығын нығайтуда

3905
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының (бұдан әрі – ХКҰ) өңірлік директоры Артур Эркенмен кездесті. Кездесу барысында тараптар көші-қон және шетелдегі қазақстандық жұмыскерлерді қорғау саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Асқарбек Ертаев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қазақстандық мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Атап айтқанда, қазақстандық азаматтардың едәуір санын тартатын межелі елдермен екіжақты келісімдер, қазақстандық азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін, оның ішінде еңбек мигранттарының еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы келісімдерге қол жеткізілген немесе тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқан елдердің қатарында Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Германия, Қатар бар», – деді вице-министр.

Ол ХКҰ осындай келісімдерге қол қоюға жәрдемдесуде, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеуде шешуші рөл атқара алатынын атап өтті.

Өз кезегінде Артур Эркен Қазақстан мен ХКҰ арасындағы ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастықтығына тоқтала отырып, ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті тұрақты үйлестірушісі болып табылатын «Алматы процесінің» Еуропалық және Орталық Азия өңірлері үшін маңызды да шешуші рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы уағдаластықтар шеңберінде көпжылдық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -