ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 6 адамның мәселелерін қарады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Министрге жұмысқа орналастыру, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жөніндегі сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.