Өткен демалыс күндері Атырау қаласындағы «Насиха» сауда орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери оркестрі ұйымдастырған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әскери оркестрдің музыканттары қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, танымал қазақ күйлерін, патриоттық әндерді және көпшілікке танымал заманауи музыкалық шығармаларды орындады.
Үрмелі және соқпалы аспаптардың әуені мен қарқынды ырғақтары сауда орталығына келушілердің назарын бірден аударды. Көпшілік тоқтап, әскерилердің өнерін тамашалап, тіпті кейбірі би билеп, мерекелік көңіл-күйді жандандыра түсті. Әскери оркестрдің бұл концерті Наурыз мерекесіне арналған жарқын шаралардың бірі болды.
Ұландықтар көктем мерекесінің басты құндылықтарының бірі — бейбітшілік пен бірлікті тағы бір мәрте осылайша еске салды.