Мемлекет басшысы Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астаналық теннисші Кирилл Герасименко Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын хабарлады.
Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.
Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.