Инфрақұрылымды жаңарту: Алматыда инженерлік желілер модернизациялануда

3751
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылы 260 км жаңа желі салынып, 87 км жаңғырту жоспарланған. Өткен жылы 219 км желі салынып, 29,3 км жаңартылды.

Биыл 123 км электр желісі қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Алматының электр желілерін 2030 жылға дейін және 2040 жылға дейінгі даму мүмкіндігі ескерілген схема әзірленді.

2024 жылы 20 км инженерлік желі жаңғыртылды. Қазіргі жылыту маусымы тұрақты өтіп жатыр, 404 мектеп, 128 медициналық мекеме және 8 863 тұрғын үй қамтылған.

Мұндай кешенді шаралардың нәтижесінде 2025 жылы су құбырлары желілерінің тозу деңгейі 52,9%-ға, кәріз желілерінің тозуы 53,8%-ға, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 63,3%-ға дейін төмендейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -