Жеңістің 80 жылдығы: ардагерлер мерейтойлық медальмен марапатталады

5071
Фотосурет: Gov

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты бірыңғай мерейтойлық медальді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл медаль – майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне деген шынайы құрметтің белгісі.

Жарлыққа сәйкес:

  • Марапаттау ережелері бекітілді
  • Медальдің сипаттамасы анықталды

Медаль Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да марапатталуға лайықты тұлғаларға табысталады.

Жарлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет басшылары кеңесінің 2024 жылғы 10 маусымдағы шешіміне негізделген.

Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған медальді кім алады:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер;

3) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизандық жасақтар, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;

6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;

7) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

8) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

10) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

12) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері наградталады.

3. Мерекелік медальмен наградталатын адамдардың тізімдерін (бұдан әрі – тізімдер) жасау және бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) тізімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті әскери басқару органдары жасайды;

2) тізімдерді жасауға жауапты лауазымды адамдар оларға қол қояды және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті әскери басқару органдарының басшылары 2025 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде бекітеді.

3) бекітілген тізімдер 2025 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына беріледі.

4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті атынан және оның тапсырмасы бойынша тізімдер бекітілген күннен бастап алты айдан кешiктірілмейтін мерзiмде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары табыс етеді. Мерекелік медаль наградталатын адамдардың тізімге енгізілген жері бойынша табыс етіледі.

Наградталатын адамға мерекелік медальмен бірге медальдың куәлігі табыс етіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -