Атырау облысында су тасқынының алдын алу мақсатында Ұлттық ұлан сарбаздары Ойыл өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына белсенді кірісті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған бұл шара барысында жауынгерлер бес күн ішінде 8000-ға жуық қапқа құм толтырды.
Қазір олар осы қаптарды су басу қаупі жоғары аймақтарға тасымалдап, Ойыл өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Бұл маңызды іске Ұлттық ұланның 60-қа жуық сарбазы жұмылдырылған.
Олардың басты мақсаты — тасқын қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.