Десантшылар үйіне оралды: Астанада запасқа шыққан әскерилерді қарсы алды

4092
Фотосурет: Gov

Елордалықтар мен қала қонақтары елорда теміржол вокзалында Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет өткерген сарбаздарды қарсы алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында өткен қала әкімдігінің бұл іс-шарасы әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталды. 

Десантшыларды Қарулы күштердің ардагерлері, ауған жауынгерлері мен ата-аналары қарсы алды.

– Бүгін біз Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 32363 әскери бөлімінде қызмет еткен 27 сарбазды қарсы алдық. Өткен жылы үздіктердің үздігі ғана  іріктеуден өтіп, осы әскери бөлімге жолдама алған болатын, – деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов. – Маусым айының соңына дейін Астанаға өткен жылдың көктемінде шақырылған 1000-нан астам жас оралады. Наурыз-маусым айларында олардың орнына 1200-ге жуық жас әскерге жіберіледі.

Әскери қызметтен өткен азаматтар үшін жұмысқа орналасу мен жоғары білім алуда жаңа перспективалар ашылғанын атап өткен жөн. Олар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсуге құқылы. Ал жауынгерлік дайындық үздіктері грантпен тегін жоғары білім ала алады.

Кіші сержант Қуаныш Ибрагимов өз болашағына сенімді.

– Бұл кезең менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Күн сайын қиындықтарды жеңуге тура келді. Әрбір тапсырма, жаттығу мені келесі деңгейге көтеріп, жауапкершіліктің, тәртіп пен серіктестіктің мағынасын түсінуге көмектесті. Алған тәжірибем өмірде тез шешім қабылдауға және жауапкершілікті сезінуге көмектеседі, – деді ол.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -