2024 жылғы көлік салығы: қашан және қалай айыппұлсыз төлеуге болады?

3267
Фотосурет: freepik.com

17,2 мың маңғыстаулық автокөлік иелерінің көлік құралдарына салынатын салық бойынша 786,9 млн. теңгеден астам сомаға берешегі бар, ал 2025 жылғы 1 сәуірде 2024 жылға салық төлеудің соңғы мерзімі.

Салықты уақытылы төлемеген адамдарға ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысында көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша жеке тұлғалардың меншігінде 214 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген.

Көлік құралдарына салынатын салық Салық кодексінің 493-бабына сәйкес дербес есептеледі. Мұны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында орналастырылған "Көлік салығын есептеу" электрондық сервисін пайдалану арқылы немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Калькуляторлар" сервисінде жасауға болады.

Салық мөлшерлемесі АЕК мөлшеріне және көлік қозғалтқышының көлеміне байланысты, сәйкесінше, жыл сайын салық сомасы АЕК мөлшерінің ұлғаюымен бірге артады. Салықты есептеу үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК қолданылады, яғни 2024 жылы 3692 теңге.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақытылы төлеуге шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -