QazIndustry:Мұнай-газ машина жасау саласы рекордтық өсім көрсетті

3553
Фотосурет: freepik.com

Мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілген, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен (6,4 млрд теңге) салыстырғанда 40 %-ға артық. Нақты көлем индексі 91,4 %-дан 126,4 %-ға дейін ұлғайған. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

«Саладағы өсім негізінен крандар, клапандар мен вентильдер өндірісінің 93,8 %-ға артуының есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Өткен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында аталмыш өнімдер өндірісі 3 млрд теңгені құраса 2025 жылдың осы кезеңінде 5,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы тарату және шар клапандары мен шибер қақпақтарының өндірісі 525 тоннадан 1126 тоннаға дейін екі еседен астам ұлғайған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -