Ұландықтар 101 жасқа келген ардагерді құттықтады

4631
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Алматыда ұландықтар 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Зинченко Василий Ивановичті құттықтап қайтты. Ғасыр жасаған қария әлі де тың. Қазір ол Алматы қаласының Түрксіб ауданында тұрады. Ардагерді Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімі қамқорлығына алған. Әрдайым қал-жағдайын біліп, көмектерін көрсетіп отырады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Василий Зинченко әскерге небәрі он жеті жасында шақырылған. Ол 1941 жылдың қазан айынан бастап, соғыс аяқталғанға дейін 920 артиллериялық полктің полктің құрамында екінші Украина майданында соғысты,  Сталинградты азат етуге қатысты. Ардагер «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жукова» медальдарімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Биыл аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлттық ұланда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жүріп жатыр.  Осы іс-шара аясында  соғыс және тыл ардагерлері үшін көптеген игі істер атқарылуда. Ардагерлерімізге деген қамқорлығымыз бір күн де тоқтамайды. Олар әрқашан біздің назарымызда, - дейді. Ұландықтар ардагерге құттықтау хат, азық-түлік себетін және сый-сияпаттарын табыс етіп, әскери оркестр соғыс жылдардағы әндерді орындап, шағын концерт қойып берді. Бұдан кейін ұландық жауынгерлер салтанатты маршпен жүріп өтіп, қарт майдангерге құрмет көрсетті 3650 әскери бөлімінің командирі полковник Айдос Шаяхметов

 

Ардагер ұландықтардың құрметіне алғысын білдіріп, майдан жылдарынан естеліктерін айтты. Ардагердің төрт баласы бар. Бүгінде балалары, немере және шөберелері қарияны аялап, күтіп-бағып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -