Әскери колледж бен ұлттық парк ұжымдары бірлескен акция өткізді

3421
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі-2025» табиғатты қорғау акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің аумағында «Табиғатты аялайық – болашақты ойлайық» ұранымен 80 көшет отырғызып, көгалдандыру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Табиғатты қорғау акциясы салтанатты митингіден бастау алды. Онда «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" Бас директоры Сағадат Нұржігітов осындай бастаманың маңыздылығы туралы айтып, Әскери колледж ұжымына қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.

- «Парктер шеруі» - қорықтарды, ұлттық және табиғи саябақтарды және басқа да қорғауға алынған табиғи аумақтарды қолдау және сақтау идеясы төңірегінде адамдарды біріктіруге арналған халықаралық қоғамдық акция. Біздің елімізде ол 1996 жылдан бері өткізіліп келеді, - деп атап өтті Сағадат Нұржігітов.

Сонымен қатар, Сағадат Нұржігітов колледж басшылығын алғыс хатпен марапаттап, тәрбиеленушілеріне саябақ аумағында демалуға 25 жолдама берді.

Салтанатты бөлімнен кейін колледж тәрбиеленушілері, офицерлер мен оқытушылар саябақ қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызуға кірісті. Олар мектеп аумағында және мектеп маңында ағаш көшеттерін отырғызды. Ағаш отырғызу кезінде саябақтың өкілдері акцияға қатысушыларға ағаш отырғызуды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді. Жалпы алғанда 20 дана боз арша, 20 дана жеміс және 40 дана жалпақ жапырақты ағаштар отырғызылды.

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің бастығы, полковник Мақсат Ахшалов атап өткендей, ағаш отырғызу балаларға қоршаған ортаға қамқор болуды үйретеді, табиғи байлықты сақтауға және оны көбейтуге шақырады.

- Көшет отырғызудың өзі балалар мен ересектерді біріктіреді. Сонымен қатар, болашақта балалар өз еңбектерінің жемісін көре алатыны жақсы емес пе? Ағаш отырғызу - бұл есте қалатын және басқаларға қуаныш сыйлайтын із қалдыру, - деп қосты полковник Мақсат Ахшалов.

Экоакция соңында мектеп тәрбиеленушілері ұлттық саябақ қызметкерлеріне отырғызылған ағаштарға күтім жасаймыз деп уәде берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -