Смартфондар мен алкоголь Семейдегі колонияға әкелуге тырысты

3542
Фотосурет: «Шығыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның  5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семей қаласындағы №19 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдіктіні ұстап, қырағылық үлгісін танытты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Күдікті мекемеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алып келген 30 литрлік су эмульсиясы шелегінің ішіне 5 смартфон,  5 sim-карта, қалталы Wi-FI  роутер, сонымен қатар 5 литр алкогольді жасырып,  кіргізбек болған. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының бөлімше командирі  сержант Берік Акибаевқа құрылысқа қажетті заттардың скотчпен бірнеше рет оралғаны сезік туғызған.

30 литрлік су эмульсиясы  скотчпен бірнеше рет маталған екен. Тексеру барысында  бояуға арналған ыдыстың тағы бір ыдысқа кигізілгенін байқадым. Құрылыс материалдарын бөліп, ажыратқанда арасынан тыйым салынған заттарды көзім шалды Сержант Берік Акибаев

Түрлі тәсілдермен тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне  заңсыз алып өтпек болған келуші өз кінәсін толықтай мойындады. Ұсталған азаматтың тыйым салынған заттары жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, күзет бөлмесіне тапсырылған.

Қазіргі таңда аталған тыйым салынған заттар қай сотталғанға әкелінгенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -