Екінші сәуірде Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Иванович Долбня 98 жасқа толды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл күні майдангерге Медеу ауданы қорғаныс жөніндегі басқармасының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин барды.
Василий Ивановичке Қорғаныс министрінің құттықтау хаты оқылды. Әскери қызметшілер соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ризашылығын білдіріп, оған зор денсаулық пен амандық тіледі.
Василий Иванович Долбня 1927 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1944 жылы ол әскери қызметке шақырылып, Қиыр Шығысқа жіберілді, онда ол милитаристік Жапонияға қарсы шайқастарға қатысты.
Соғыс аяқталғаннан кейін оның дивизиясы таратылды. Василий Иванович 207-ші жеке барлау ротасының құрамында барлау қызметін жалғастырды. 1951 жылы мамырда үйіне оралды.
Ардагер жауынгерлік қызметі және сіңірген еңбегі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісімен және басқа да көптеген наградалармен марапатталды.
Василий Ивановичтің үш баласы, олардан көрген 4 немере және 4 шөбересі бар.