Самарқандта өткен Халықаралық климаттық конференция аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Орталық Азия елдері мен түркі мемлекеттері жастарының «Жастар: болашаққа оптимизммен» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалогына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Диалог барысында министрлер жастарды климаттық іс-әрекетке тарту рөлін және өз елдеріндегі ҰДК-ны дамытуға қатысты ұсыныстар мен идеялар алаңын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Министр Е.Нысанбаев жастармен диалог алаңында әр елде Жастар экологиялық кеңесін құруды ұсынды.