Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қонаев қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 04 сәуірдегі №9 бұйрығына сәйкес «ProfitЦентр» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асыруы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.