"Жас сарбаз" балалар студиясының бишілері XI аймақтық Дельфий ойындарында үздік атанды

3300
Фотосурет: Gov

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда XI аймақтық Дельфий ойындары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Онда "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының би тобы "Халық биі" (10-13 жас санаты) номинациясында бірінші орынды иеленді. Шығармашылық сайысқа елорданың 15 би ұжымы қатысты. 

- Біз жақында ғана Ташкенттен оралдық. Онда I Love tо danсе халықаралық байқауында бишілеріміз Гран-при мен "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңістердің бәрі тәрбиеленушілердің шығармашылық тұрғыда жетілуіне деген ұмтылысын арттырады, –деді "Жас сарбаз" балалар студиясының көркемдік жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.

Енді үш би ұжымы, оның ішінде "Жас сарбаз" студиясының тәрбиеленушілері алдағы маусым айында Қарағандыда өтетін Ұлттық дельфий ойындарында Астананың намысын қорғайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -