Әлемдік мойындау: Қазақстан әуежайлары беделді марапаттарға ие болды

4763
Фотосурет: Gov

Астана мен Алматы әуежайлары кезекті рет мәртебелі марапатқа ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік аймақтық әуежай атанды. Оның 2 терминалы әлемдегі ең үздік жаңа терминал деп танылды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік әуежай персоналы» санатында Skytrax World Airport Awards 2025 сыйлығымен марапатталды.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Орталық Азияның жетекші әуе хабы атағын жеңіп, бірнеше рет өңірлік рейтингтерде көшбасшы болды.

Skytrax World Airport Awards — авиация саласындағы халықаралық сапаның эталоны саналады. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жолаушылардың тәуелсіз сауалнамаларына негізделген.

Жеңімпаздарды жолаушыларға қолайлы, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылым деңгейі және инновацияларды енгізу сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша таңдайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -