Қазақстанның авиатасымалдар нарығында Оңтүстік Кореядан жаңа авиакомпания пайда болды

4939
Фотосурет: wikimedia.org

Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру аясында тұрақты жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биылғы жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстанға Оңтүстік Кореяның «Eastar Jet» лоукостер яғни бюджеттік әуе компаниясының ұшақтары ұша бастады.

Әуе компания "Сеул-Алматы" бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен жолаушыларды тасымалдайды. Бұл 2024 жылғы наурызда екі елдің авиациялық билігі арасында болған келіссөздер нәтижесінде мүмкін болды.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік,инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық одан әрі дамымақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -