Семей курсанттары ант қабылдады және қызметке орналасуға ұсыныстар алды

5973
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Семей филиалының 30-дан астам курсанттары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дәл осы курсанттар ағыны үшін салтанатты ант беру рәсімі 28738 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті.

Курсанттардың жақын туыстарынан басқа, әскери ант қабылдау рәсіміне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерін жасақтау қызметінің өкілдері де келді. Салтанатты іс-шарадан кейін әскери мектепті бітірген курсанттарға әскери бөлімдерде бос лауазымдар ұсынылды және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін көзделген жеңілдіктер түсіндірілді. Іс-шара соңында 15 курсант одан әрі қызмет өткеруге қызығушылық танытты.

Келісімшарт бойынша қызмет өткеруге ниет білдірген курсанттардың қатарында Аягөз гарнизонының инженерлік-саперлік батальонында қызмет өткергісі келетін курсант Жақсылықов Тілекте бар:

Осы сәтті пайдаланып, келісімшарт бойынша қызметке орналасуға ниет білдірдім. Әскердегі қызмет әрқашан тұрақтылықпен байланысты және Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы

Осы оқу жылында әскери дайындалған резерв курсанттары 2025 жылғы 24 ақпан мен 9 сәуір аралығында оқудан өтті. Қырық күн ішінде курсанттар запастағы офицерлердің басшылығымен әскери саперлер мамандығын игерді және оқу курсын аяқтағаннан кейін келісімшарт бойынша одан әрі қызмет өткеру үшін Қарулы Күштер қатарына шақырылуға мүмкіндік алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -