Астанада Чайковскийдің мерейтойы ерекше концертпен аталып өтті

1848
Фотосурет: Gov

Астанада П. Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі композитор Петр Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған «День ли царит» классикалық музыка кеші өтті.

Музыкалық кеште «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов Чайковскийдің шоқтығы биік романстары мен камералық шығармаларын орындады.

Кештің басты ерекшелігі – көрермен өнерпаздармен бірге сахнада отырды. Бұл тың формат көрермен мен орындаушы арасындағы шекараны жойып, ерекше әсер сыйлады.

Әртістер көрерменнің ыстық ықыласы бөленіп, зор қошеметімен аяқталды. Бұл – ұлы композитордың музыкасы әлі күнге дейін сезімдерді қозғап, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып қала беретіндігінің айқын дәлелі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -