Елордалық кәсіпкерлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Республика даңғылында жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кафелер, дүкендер және басқа да компаниялардың қызметкерлері қаланың тыныс-тіршілігі үшін тазалықтың маңыздылығын атап өтіп, айналасын ретке келтірді, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Ұжыммен бірге ай сайын сенбіліктер өткіземіз. Республика даңғылы – қаламыздың басты көшелерінің бірі және әрбір кәсіпкер өз аумағында тазалықты қадағалауы тиіс», – деп атап өтті пиццериялар желісінің менеджері Алтынбек Өмірзақ.
«Тазалық – елорданың әрбір тұрғынының міндеті. Бүгін біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, өз аумағымызды тазалап жатырмыз», – деді құрылыс компаниясының сату бөлімінің қызметкері Бақберген Нысанбай.
Бастама қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қолдауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іске асырылды.