Аққулы кентіндегі Павлодар облысы ТЖД жаңа әмбебап құтқару кешенінің аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қызметкерлермен бірге 100-ге жуық шырша мен қарағай көшетін отырғызды.
«Табиғатқа қамқорлық жасау - бұл елдің болашағы үшін ортақ жауапкершілігіміздің бір бөлігі. Мұндай бастамалар қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастырады, экологиялық мәдениетті тәрбиелейді және патриотизм рухын нығайтады. Біз бұл жұмысты барлық ведомстволық нысандарда маусым бойы жалғастырамыз», - деп министр атап өтті.
Бұл жай ғана көгалдандыру емес - бұл экологияны жақсартуға және күнделікті қоғам игілігі жолында қызмет атқарып жүрген құтқарушылар үшін жайлы орта құруға үлес.
Жаңа кешен-департамент бөлімшелері үшін 35 жылда алғаш рет салынған нысан.
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы акция: құтқарушылардың күнделікті қызметте де еліміздің тұрақты және қауіпсіз болашағына қосып жатқан үлесін көрсетеді.