Алматыда төрт басты субұрқақ жаңартылатын болады

4851
Фотосурет: Gov

Алматыда төрт субұрқақ кешенінің қайта жаңартылуы басталды, олар Алматы әкімдігінің Шығыс және Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы субұрқақ және Ғ.Мүсрепов атындағы театр ғимараты алдындағы субұрқақ, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жобаның сараптамасы көрсеткендей, бұл нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Гидрооқшаулаудың тозуы, ескірген насос қондырғылары мен сүзгілеу жүйелері кешенді жаңартуды қажет етеді.

Модернизация аясында техникалық ғимараттардың құрылымдарын күшейту, инженерлік коммуникацияны, су жабдықтауды, гидрооқшаулаушы қабатты толық ауыстыру, насос станцияларымен және су сүзу жүйелерін жаңарту, автоматтандырылған басқаруды енгізу, сондай-ақ, жақын аумақтарды көркейту жоспарланған.

Сонымен қатар, бүріккіштер, жарықтандыру құралдары, сорғы қондырғылары, бассейндер, жарықтандыру, құбырлар, гранит плиталары және басқа да маңызды элементтер ауыстырылады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін субұрқақ кешендерінде электр тогының соғу қаупін болдырмайтын төмен вольтты шамдар мен құрғақ сорғы жабдықтары орнатылады. Суды тазарту белсенді оттегі генераторын қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл сұйық хлордан бас тартуға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, субұрқақтарды ауқымды қайта жаңарту алғаш рет жүргізіліп отыр. Бұрын тек кішігірім жөндеу жұмыстары ғана жасалған. Жобаның аясында тарихи келбетті сақтау ерекше назарда болады, бұл жаңартылған нысандардың сәулеттік құндылығын сақтап, қала ландшафтында үйлесімді түрде орналасуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуірде басталып, 2025 жылдың қазан айында аяқталады. Қайта жаңартудан кейін субұрқақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін әсемдік пен демалыс аймақтарына айналады.

Алматы әкімдігінің Шығыс және Батыс субұрқақтары 1979 жылы Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың бастамасымен ірі сәулет жобасы аясында салынды. Оларды әзірлеумен сәулетші Қ. Монтахаевтың басшылығымен «Алмаатағипрогор» жобалау институты айналысты. Субұрқақтар Республика алаңының айналасындағы әкімшілік ғимараттар ансамбліне үйлесімді түрде орналасқан. 2010 жылы субұрқақтарға косметикалық жөндеу жүргізілген, бірақ қазіргі уақытқа дейін күрделі жаңарту жұмыстары жүргізілмеген.

Республика алаңындағы субұрқақ 1979 жылы салынған және осы алаңның басты элементі болып табылады. Оның жобасын да архитектор К. Монтахаев пен «Алмаатагипрогор» институты әзірлеген. 2010 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ қазір құрылымдар мен инженерлік жүйелерді толық жаңарту қажет.

Ғ.Мүсірепов атындағы театр ғимараты алдындағы субұрқақ 1962 жылы салынған. Жоба авторлары сәулетшілер А.А. Леппик, Н.И. Рипинский және В.З. Кацев. 2009 жылы субұрқақ ішінара қалпына келтірілді, бірақ бүгінде ол күрделі жөндеуді қажет етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -