Аулалардан арықтарға дейін: Абай ауданындағы «Таза Қазақстан».

4235
Фотосурет: Gov

Абай облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аймақ тұрғындары апта сайынғы сенбілікке белсенді қатысып жатыр.

Көкпекті ауданында тазалық акциясы кең ауқымда өтті. Аудан бойынша 2200-ден астам тұрғын, 63 мекеме (оның ішінде 14 кәсіпорын) белсене атсалысты. Тазалық жұмысына 36 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 1800-ден астам аула, 15 саябақ, 26 арық тазартылды және 47 тонна қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Аягөз ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сенбілікке 3 мыңнан астам адам (әртүрлі мекеме қызметкерлері, жастар) қатысты. 65 техника жұмылдырылып, көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен су айдындарының маңайы тазартылды. Аудан аумағынан 780 тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар шығарылды.

Сондай-ақ, Аягөз қаласындағы бірнеше көшеге тегін контейнерлер қойылды. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, мұндай контейнерлер шаһардағы барлық жер үйлердің жанына орнатылады.

Айта кетейік, аймақта 5 сәуірден облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -