Air Astana қызмет көрсету сапасы бойынша ең үздік әуе компаниясы атанды

3553
Фотосурет: Air Astana

Air Astana 2025 жылғы 8–10 сәуір аралығында Гамбург қаласында өткен Aircraft Interiors Expo 2025 көрмесінде борттағы қызмет көрсету саласындағы үздік жетістіктері үшін бірқатар халықаралық марапаттарға ие болды. Әуекомпания Travel Plus, Onboard Hospitality және PAX International Readership Awards сияқты беделді марапаттарға бірнеше аталым бойынша лайық деп танылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Travel Plus алтын жүлдесін Air Astana эконом-класс жолаушыларына арналған борттық жинағы, төсек-жабдықтар жиынтығы және сәбилерге арналған жинағы үшін иеленді. Onboard Hospitality Awards байқауында 2 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақтар, эконом-класс жолаушыларына арналған жинақтар мен электронды мәзір жоғары бағаланды.

Сондай-ақ, PAX Readership Awards нәтижелері бойынша Air Astana келесі номинациялар бойынша үздік деп танылды: «Ең үздік ойын-сауық жүйесі», «Ең жақсы борттық тағам», «Эконом және премиум-эконом кластарға арналған үздік жинақтар», «Балаларға арналған үздік жинақ».

«Мұндай беделді марапаттар – біздің борттық өніміміздің халықаралық деңгейде мойындалуының айқын дәлелі. Air Astana-ның борттағы қызметі әрдайым әлемдік стандарттарға сай болып, қазақстандық қонақжайлылықтың үлгісін қалыптастыруда» Air Astana әуекомпаниясының борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Елена Обухова 

Борттық қызмет көрсету бойынша халықаралық марапаттар әуе тасымалы саласындағы сапаның тәуелсіз өлшемі болып саналады. Әуекомпания өнімдері жолаушылардың қажеттілігін жақсы білетін тәжірибелі саяхатшылардан құралған фокус-топтардың мұқият бағалауынан өтеді. Олар өнімнің ыңғайлылығы, дизайны, жайлылығы мен экологиялық тұрақтылығын ескере отырып сараптайды. Бұл марапаттар Air Astana-ның сапа мен жолаушыға бағдарланған қызметке деген берік ұстанымын айқындайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -