Каспийдің үстіндегі аспанға: Атыраудан Бакуге визасыз және жайлылықпен

4235
Фотосурет: Air Astana

2025 жылдың 31 мамырынан бастап Air Astana Атырау-Баку бағытында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұшулар апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты Атыраудан Бакуға 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта 1 сағат 35 минутты құрайды.

KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері 18:30-да ұшып шығып, Баку қаласына 18:55-те келіп қонады, ал сәрсенбі күндері 21:35-те ұшып шығып, 22:00-де жетеді. Бакудан Атырауға кері рейс KC278 дүйсенбі және сенбі күндері 19:55-те ұшып шығып, 22:30-да қонып, ал сәрсенбі күндері 23:00-де ұшып шығып, келесі күні 01:35-те жетеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.

Билеттерді airastana.com ресми сайтынан, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ аккредиттелген онлайн және офлайн туристік агенттіктер арқылы алуға болады. Барлық салықтар мен алымдарды қосқанда, екі жаққа билет бағасы эконом-класста 96 527 теңгеден, бизнес-класста 278 681 теңгеден басталады.

Air Astana-ның Атыраудан Баку қаласына жаңа бағыт жиілігі жаз маусымында дәстүрлі түрде аптасына үш ретке арттырылатын Алматы-Баку рейстерін толықтырып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы саяхаттар мен іскерлік сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Қазақстан азаматтары Әзербайжанда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алатынын еске саламыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -