Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастықтың басымдықтарын 2030 жылға дейін анықтады

4037
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 2024 жылға арналған Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін БҰҰ Тұрақты даму орталығының ашылуын ескере отырып, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа ынтымақтастық бағдарламасының негізгі параметрлері ұсынылды.

Бағдарламада адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және күшті институттар, тұрақты және инклюзивті экономика, тұрақты қоршаған орта, әлеуметтік бірлікті нығайту сияқты негізгі бағыттарға ерекше назар аударылады.

Талқылауға БҰҰ елдік тобы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -