2025 жылғы 22 сәуір күні сағат 10:00-де Алматы қаласында «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» ірі форумЫ өтеді.
Маңызды іс-шара туризм индустриясы мен қонақжайлық саласында озық ІТ-шешімдер мен технологиялық трендтерді ұсынады.
Форум үш тақырыптық панельдік пікірталастан тұрады және келесі тақырыптар кеңінен талқыланады:
- мемлекеттік цифрлық қызметтердің рөлі (GovTech)
- туризм индустриясындағы цифрландыру мәселелері (TravelTech)
- қонақжайлылық саласына арналған цифрлық технологиялар (HotelTech)
Форумға қатысушыларға Қазақстан аумағында тұрғын үйді брондауға арналған мобильді қосымша және виртуалды туристік Your Pass картасы таныстырылады.
Іс-шара Қазақстанның және таяу шетелдің жетекші сарапшыларын, кәсіпкерлерін, стартап жәнетехнологиялық компанияларының өкілдерін тоғыстырады. Оның ішінде inDrive, Яндекс, Mastercard, Sabre, Mapster және басқалары бар.
Форумның ең маңызды оқиғаларының бірі - стартап-питчинг. Сала сарапшылары туризм саласындағы ең перспективалы 10 ІТ-шешімді анықтайды. Үздік тревел-стартаптар байқауының жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
Форумға қатысу үшін 18 сәуірге дейін ресми сайтта міндетті түрде тіркелу қажет
Форумды ұйымдастырушылар – Kazakh Tourism және «Pana» компаниясы, «Travel Startups» қауымдастығының қолдауымен.
Өтетін күні: 2025 жылғы 22 сәуір, сағат 10:00.
Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы (Әл-Фараби даңғылы, 71/27).