Шах пен мат: Қазақстандық жасөспірімдер рапид бойынша әлем чемпионатында жарқын өнер көрсетті

3278
Фотосурет: KаzChess

Қазақстан шахматшылары рапидтен юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 6 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әлем чемпиондары атанған шахматшыларымыз:

  • Әдинұр Әділбек (O8)
  • Алиша Бисалиева (G8) — ол 11 партияның барлығына жеңіске жетті
  • Әміржан Әнетов (O10)
  • Айару Алтынбек (G14)
  • Елназ Қалиахмет (G16)
  • Ерғали Сүлеймен (O18)

Жансая Шолпанбек қола медаль алды (G14).

Алтауы да швейцариялық жүйе бойынша өткен 11 турдың қорытындысы бойынша өздерінің жас санаттарында үздік атанды. Олардың жеңіске жетуінің арқасында Қазақстанға бейресми командалық есепте бірінші орын қамтамасыз етілді.

18 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионаты 2025 жылдың 13-17 сәуірі аралығында Родос аралында (Грекия) — Иксия курорт аудағындағы Rodos Palace Hotel Халықаралық конференц-орталығында өтіп жатыр.

Турнирге 49 елдің 8 - 18 жасқа дейінгі санаттағы 433 шахматшысы қатысуда, бозбалалар мен қыздардың жарысы бөлек-бөлек өтеді. Қазақстан сайысқа 22 қатысушыны жіберді. Олардың ішінде екеуі ғана — Әдинұр Әділбек (O8) пен WFM Айару Алтынбек (G14) рейтинг фавориттері болып есептелді. Бірақ ойыншыларымыз алты алтын медаль алып, күткеннен де асып түсті. Бұл тамаша нәтиже.

17 сәуірде блицтен (5+3) жарыс аяқталады, онда да швейцариялық жүйе бойынша 11 тур өткізу жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -