Жаслан Мәдиев киберқорғау үшін басшылардың жеке жауапкершілігін талап етті

3344
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің (АКИ АМО) операторлары болып табылатын шамамен 70 ұйымның өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР ЦДИАӨМ | МЦРИАП РК (@digital_ministry_kz)

Цифрлық даму министрі аса маңызды объектілерде киберқауіпсіздік шараларын сақтауда  ұйым басшыларынан жеке жауапкершілікті талап етті. Министрдің айтуынша, ұйым басшылығының ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жеткілікті назар аудармауы ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

«Цифрландыру қауіпсіздіксіз мүмкін емес. Әр ақау – бұл мемлекетке және азаматтарға көрсетілетін сервистерге деген сенімге қауіп. АКИ АМО – мемлекеттік институттардың, экономиканың және әлеуметтік тұрақтылықтың жұмыс істеуі үшін стратегиялық маңызы бар объектілер. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталмауы ақпараттандыру объектілерінің жұмысын тоқтатуға және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелуі мүмкін» Жаслан Мәдиев

Кеңесте АКИ АМО-ны Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі операциялық орталықтарға қосу бойынша іс-шараларды орындау нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Министр бұл мәселе Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысында көтерілгенін, сондай-ақ белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде бірқатар проблемалар бар екенін еске салды.

Министр АКИ АМО операторлары жүзеге асыруы тиіс міндетті шараларды атап өтті. Олардың қатарына мыналар кіреді:

  • Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі операциялық орталықты құру немесе қызметін сатып алу;
  • Деректердің ағып кетуін болдырмау жүйелерін (DLP) енгізу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік аудитін тұрақты түрде өткізу;
  • Ведомстволық желіні мемлекеттік органдардың Бірыңғай интернет-шлюзі арқылы қосу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтан өту.

Сөз соңында министр 2025 жылы ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тарапынан АКИ АМО-ның жеке операторларына қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуына жоспардан тыс тексерулер жүргізілетінін хабарлады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

«Барлық қатысушыларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауға барынша байыппен қарауға және жағдайды қысқа мерзімде түзету бойынша қажетті шараларды қабылдауға шақырамын» Жаслан Мәдиев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -