ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады.
Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.
Спикердің айтуынша, өңірдің мемлекеттік қызмет жүйесінде гендерлік саясат сәтті іске асуда: қызметшілердің 1878 немесе 65,3%-ын әйелдер құрайды.
«Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 421 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 43,8% құрайды», - деп Думан Әбілев атап өтті.
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесі көрсеткіштерден тұрады:
- облыс әкімінің орынбасарлары – 0,2%;
- қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары – 2,4%;
- аппарат басшылары және олардың орынбасарлары – 3,5%;
- облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары – 3,3%;
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 37%;
- ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары – 10,5%;
- дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары – 23,6%;
- сектор меңгерушілері – 19,5%.
2025 жылдың І тоқсаны ішінде конкурстық және конкурстан тыс іріктеу қорытындылары бойынша, ауысу арқылы, сондай-ақ сайлау қорытындылары бойынша және басқа да себептер бойынша 167 қызметші тағайындалды, олардың 81 немесе 48,5% әйелдер.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі