Заң және тәртіп: Ұлттық ұланда қызметтік кездесу өтті

3355
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әскери департаментінің қызметкерлерімен қызметтік кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара барысында бөлімшелерді жеке құраммен жасақтау және әскери қызметшілердің кадрлық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Қос тарап әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін құруға, сондай-ақ мансаптық өсу тетіктеріне ерекше назар аударды. Қойылған міндеттерді кез келген жағдайда тиімді шеше алатын жоғары білікті құрамды қалыптастырудың маңыздылығы қаралды.

Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов Ұлттық ұланда кадр саясатын дамытудың басым бағыттарына назар аударып, барлық деңгейдегі басшылардың алдында тұрған негізгі міндеттерді белгіледі.

Қорытындылай келе, ол құрылымдық бөлімшелер арасында үнемі өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу қажеттілігіне тоқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -