1 мамырға дейін қалада ретсіз сауданы анықтау және заңсыз нысандарды бұзу бойынша акция өтіп жатыр. Мақсат — Алматыны таза, жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тек 15 сәуір күні мамандар 143 рұқсатсыз сауда жасау дерегін және көріктендіру ережесін бұзған 96 жағдайды тіркеді.
Жұмыстар базарлар, саябақтар мен жаяу өткелдер маңында қолға алынған — тізімде ең проблемалық 49 орын бар.
Сондай-ақ, сауда орталықтары мен базар маңындағы автотұрақтар да тексеріліп жатыр, еске саламыз, олар тек өз мақсатына сай пайдаланылуға тиіс.
Рейдтер 1 мамырдан кейін де жалғасады. Қаламыздың тазалығы мен тәртібі — бәрімізге ортақ іс.
*Іс-шара «Алматы — ортақ үйіміз» акциясы аясында өткізіліп жатыр. Жыл басынан бері 797 нысан анықталса, оның 664-і бұзылып, алынып тасталды.