Air Astana 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана әуежайының әскери парадқа дайындық жүргізілуіне байланысты күн сайын жергілікті уақыт бойынша 10:00-ден 13:00-ге дейін уақытша жабылуына орай рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өзгерістер Астанадан Алматыға, Өскеменге, Франкфуртке және Дохаға, сондай-ақ Алматыдан, Атыраудан, Қостанайдан, Өскеменнен, Франкфурттен, Сеулден және Дохадан Астанаға ұшатын рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіледі.
Рейстің өзекті мәртебесін тәулік бойы жұмыс істейтін Бронирлеу және ақпарат орталығынан білуге болады: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 7272 44 44 78 (Рейстердің кешігуі жағдайындағы жедел желі), +7 702 702 00 74 (WhatsApp), Online чат: airastana.com.