IT-шешімдерді енгізу: цифрлық құқықтың өзекті мәселелері

2992
Фотосурет: Gov

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Цифрлық құқықтың өзекті мәселелері: теория және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуына ғылыми еңбектерімен өз үлестерін қосып жатқан отандық және Ресей, Қырғызстан, Литва, Түркия және Моңғолиядан келген шетелдік ғалымдар қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Сағынтай Елюбаев құттықтау сөзінде конференция тақырыбының заңгерлер, ғалымдар мен студенттер үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру жетістіктерін құқық қолдану тәжірибесіне тиімді енгізудің түрлі жолдарына тоқталды.

«Цифрландыру бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық салаларын қамтып жатыр және қабылданатын шешімдердің жедел мен объективті болуы оларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі, бірақ бұл процесс тиісті құқық нормаларымен реттелуі қажет» Сағынтай Елюбаев

Конференция барысында қылмыстық құқық саласындағы цифрлық технологиялардың қолданысы, сот жүйесіне заманауи ІТ шешімдерді енгізу сынды мәселелер қозғалды. Бұл тақырыптар бойынша заңгер ғалымдар, атап айтқанда, з.ғ.д., профессор И.Борчашвили, з.ғ.д., профессор А.Скаков, Ақдеңіз университетінің (Түркия) профессоры Неджла Озтүрк және басқа да ғалымдар өз көзқарастарын білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылар цифрлық технологиялар саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -