20 сәуірден бастап Алматыда жасыл желектерді биологиялық өңдеу маусымы басталады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мақсат — ағаштарды зиянкестерден қорғау және қаладағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау.
Жұмыс түнгі уақытта жүргізіледі — бұл қолданылатын препараттардың тиімділігін арттырып, олардың әсер ету мерзімін ұзартады.
Биыл жалпы пайдаланудағы аумақтардағы 2,3 миллион ағашты қамту жоспарланған.
Жұмыстар 4 кезеңге бөлінген:
- I кезең (20.04–30.05) — алғашқы өңдеу (еменге 4 рет, терекке 2 рет)
- II кезең (01.06–30.06) — екінші өңдеу
- III кезең (05.07–05.08) — үшінші өңдеу
- IV кезең (15.08–20.09) — төртінші өңдеу
Қолданылатын препараттар — сертификатталған, қауіпсіздік деңгейі төмен (П-4) дәрілер. Олар адамға, жануар мен құсқа зиянсыз.
Соңғы 4 жылдағы нәтиже бұл әдіс, әсіресе, талшын жапырағын жейтін көбелек пен басқа да зиянкестерге қарсы күресте тиімділігін көрсетті.
Алматының жасыл желегіне қамқорлық жасаймыз — таза әрі көрікті қалаға айналдырайық!