Тоқаев этносаралық қатынастар саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

3641
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Президентке Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы және аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -