Президенттік орталықта мерейтойлық көрме ашылды

2563
Фотосурет: po.qr-pib.kz

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың 35 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Президенттік институт: Әділетті Қазақстан» атты Қазақстан Республикасындағы президенттік институтының 35 жылдығына арналған қор көрмесінің ашылуы өтті.

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

Көрменің мақсаты – музей, архив, кітапхана қорлары материалдарының негізінде президенттік институттың қалыптасуы мен дамуының тарихын, сонымен қатар оның заманауи Қазақстанды құрудағы рөлін ашып көрсету.

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

«Президенттік институт — Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі элементтерінің бірі. Ел тарихындағы оның рөлін асыра бағалау мүмкін емес — ол тұрақтылықтың, сабақтастықтың және стратегиялық даму бағытының символына айналды. Биыл 24 сәуірде елімізде Президент лауазымының құрылғанына тура 35 жыл толады. 1990 жылы, Қазақстан одақтас республика құрамында болған кезде, Конституцияға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі басталды. Содан бері Президенттік институт жай ғана билік тармағы ретінде орнығып қана қоймай, сонымен қатар саяси тұрақтылықтың, ұлттық бірліктің және елдің қарқынды дамуының кепіліне айналды» Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

«Еліміздің егемендік алу процесі – бұл тек тарихшыларды, заңгерлерді, саясаттанушыларды ғана емес, сонымен қатар Қазақстан тарихына бейжай қарамайтын барлық азаматтарды қызықтыратын маңызды оқиға. Бүгінгі көрмеде мемлекетіміздің қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді бейнелейтін сирек құжаттар мен экспонаттар ұсынылған. Тарихи жадты сақтау – аса маңызды міндет. Бұл материалдар ақпараттық қана емес, идеологиялық мәнге де ие – өйткені өз еліңнің тарихын білмей, патриот болу мүмкін емес» Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткері Игорь Рогов

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

Көрмеде архивтік және фотоқұжаттардан, сондай-ақ музейлік құндылықтардан құралған 100-ден астам экспонат ұсынылған. Айта кету керек, экспозиция 2 бөлімнен тұрады:

І. «Президенттік институт: жаңару мен жаңғыру жолы» атты бөлімде президенттік институтының эволюциялық дамуы туралы материалдар ұсынылған. Бөлімнің мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019-2025 жылдар аралығындағы қызмет призмасы арқылы ҚР Президенті Кеңсесінен, ҚР Орталық сайлау комиссиясынан және Мемлекет басшысына сыйға тарту етілген музейлік заттар – дипломатиялық кәдесыйлар негізінде ашылып көрсетіледі.

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

ІІ. «Президенттік институт: тарихи негіздері» бөлімінде президенттік институттың негізінің қалануы туралы материалдар: «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң, Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы және т.б. маңызды құжаттар ұсынылған.

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

Көрменің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдерін қоса алғанда, 120 адам қатысты. Көрме 2025 жылғы 17 мамырға дейін жалғасады.

В Президентском центре открылась выставка, посвященная 35-летию института президентства Республики Казахстан

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -