Қаржы реттеушісі банктердің капиталға қойылатын талаптарын күшейтті

2574
Фотосурет: freepik.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) нәтижелері бойынша алғаш рет банктер капиталының жеткіліктілігіне буферлерді қолданды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Стресс-тестілеу қорытындысы бойынша есептелетін буферді енгізу негізгі жаңалықтардың бірі болды. Оның мөлшері – тәуекел деңгейіне қарай сараланған активтер мен шартты міндеттемелер сомасының 0%-нан 3%-на дейінгі аралықта. Бұл шешім банктердің ықтимал экономикалық күйзелістерге орнықтылығын арттыруға және бүкіл сектордың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

ҚСТ 2024 нәтижелері бойынша Агенттік әрбір банкке стресс-тестілеу қорытындылары мен капиталға қатысты буфер мөлшері туралы ақпаратты қамтитын ұсынымдары бар хат жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады, ол бірнеше негізгі рәсімнен тұрады: SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) кешенді бағалауы, активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ).

2024 жылғы ҚСТ есебі Агенттіктің сайтында қолжетімді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -