Шымкентте «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы аясында коммуналдық қызметкерлер тазалықты қамтамасыз етумен қатар құқық бұзушыларды әшкерелеп, полицияға тапсырады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өткен кезеңде 3000 коммуналдық қызметкер нашақорлық туралы 6000-нан астам хабарландырулар мен граффити суреттерін жойды, полицияға 2000-ға жуық хабарлама түсіп, 1451 факті ақпараттық есепке алу кітабына тіркелді.
Есірткі жарнамасы мен заңсыз электронды (вейптерді) темекіні сатуға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.
1 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды (ҚР ҚК 301-1-бабының 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл).
Түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 1555 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Нашақорлықпен күресу – бүкіл қоғамның алдында тұрған міндет. Біз күшімізді біріктіру арқылы ғана балаларымыздың салауатты және қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз.