ENU жастары халықаралық өнер фестивалінде жеңімпаз атанды

4202
Фотосурет: Gov

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық «Dubai Grand Festival» өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың ең жоғарғы марапаты – Бас жүлдеге ие болды.

Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл ENU жастары үшін үлкен шабыт пен жаңа белестерге жол ашқан айтулы шара болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -