Алғашқы рейс Мумбайға: Air Astana халықаралық бағыттарын кеңейтуді жалғастыруда

1166
Фотосурет: t.me/PR_AirAstana

2025 жылғы 20 сәуірде Air Astana Алматы мен Мумбай арасында алғашқы рейсін орындады. Airbus A320 ұшағы Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 04:35-те ұшып шығып, Мумбайға 09:20-да келіп қонды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы мен Мумбай арасындағы тұрақты рейстер апта сайын үш рет - жексенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты шамамен 4 сағат 50 минутты құрайды.

Мумбай - Оңтүстік, Батыс және Шығыс Үндістанға сапар шегу үшін қолайлы көлік хабы. Бұл қала Бангалор, Хайдарабад, Ахмедабад және Калькутта сынды ірі қалалармен тұрақты ішкі әуе қатынасы арқылы жақсы байланысқан.

Жаңа бағыттың ашылуы Air Astana әуекомпаниясының Үндістан нарығына шыққанына 20 жыл толған кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі таңда әуекомпания Дели мен Мумбай қалаларына тұрақты рейстерді орындайды. Қазақстан азаматтары Үндістанға туристік визаны онлайн рәсімдей алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -