2024 жылғы 19 сәуірде Ақтау қаласында Қорғаныс министрлігінің 25744 әскери бөлімінің спорт залында әскери полицияның 28 жылдығына орай кіші футболдан турнир өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Додалы жарысқа Маңғыстау облысындағы күштік құрылымдар мен әскери бөлімдерден 16 команда құрамында 100-ге жуық спортшы қатысты.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты әрі тартысты ойындармен есте қалды. Қатысушылар өздерінің шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, жауынгерлік рухтың жарқын үлгісін паш етті.
Жарыс нәтижесі бойынша:
- Бірінші орынды – ҚР Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімінің командасы иеленді;
- Екінші орынға – Қорғаныс министрлігінің 25744 әскери бөлім командасы көтерілді;
- Үшінші орын – Қарақия шекара қызметінің командасына бұйырды.
Турнирдің басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және күштік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.