Ұландықтар «Таза Қазақстан» акциясына қатысуда

1342
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері «Таза Қазақстан» акциясына  белсенді қатысуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Акция барысында сарбаздар әскери бөлімдердің аумақтарын және оған іргелес аймақтарды қоқыстан тазартуға, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыруға жұмылдырылды.

Сенбілік барысында жауынгерлер қоқыс жинау жұмыстарымен қатар, жасыл желектерді суару және күтіп-баптау ісіне де атсалысты. Сондай-ақ ағаштар мен гүлдер отырғызылып, көпшілік жүретін орындардың санитарлық жағдайы жақсартылды. Ұландықтар тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.

Шараның негізгі мақсаты – жауынгерлердің экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғаудың маңыздылығын ұғындыру және жастарды қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. Мұндай экологиялық бастамалар сарбаздар арасында экосана қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.

Сондай іс-шараның бірі Жетісу облысында өтті. Өңірдегі ұландықтар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты.

Шара барысында бөлім командирі полковник Әмір Мансұров сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті дамыту туралы пікірін білдірді.

«Табиғатты қорғау арқылы біз келешек ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырамыз. Бұл – әрбір азаматтың борышы. Сенбілікке қатысу – өзіміз тұратын өңірге деген жанашырлықтың нақты көрінісі» Әмір Мансұров

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қоса бермек. Сонымен бірге олар барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -