Арман, эмоциялар және футбол: "90+1"фильмі экранға шығады

1518
Фотосурет: Gov

21 сәуір күні Астанада «90+1» атты көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кинокартинаның режиссері – «Қазақша бизнес», «Әкім» секілді жобалармен танылған Тимур Дулатов. Басты рөлдерді Қуаныш Керімқұлов, Алмат Сақатов және Артур Асқарұлы сомдады. Фильмде футболды жақсы көретін жігіттің арманы мен өмір жолында кездескен қиындықтары туралы баяндалады. Туынды шытырман оқиғаларға толы. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.

«90+1» фильмі – жастар мен жасөспірімдерге арналған мотивациялық туынды. Фильмнің басты идеясы – қандай жағдай болмасын арманнан бас тартпау. 

Айта кетейік, «90+1» фильмі 2025 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық өңірінде прокатқа шығады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -