«Кітап – алтын қазына»: Атырауда әскери бөлімде Ұлттық кітап күні аталып өтті

1441
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

2025 жылғы 23 сәуірде Атыраудағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде Ұлттық кітап күніне арналған танымдық-патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шара барысында бөлім кітапханасының бастығы, кіші сержант Гаухар Исанкулова «Кітап – алтын қазына» тақырыбында жеке құрамға ақпараттық дәріс өткізіп, кітап оқудың рухани-тәлімдік маңызын атап өтті.

Сарбаздар тарихи әдебиеттермен, соның ішінде соғыс жылдарынан сыр шертетін туындылармен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – жауынгерлердің кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, тарихи сана мен елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -