Ал келешекте оның аумағында қуаты 500 МВт жел паркі пайда болады. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі берілді. Іздестіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инвестиция тарту жұмыстары туралы айтып берді.
Оның айтуынша, биыл жалпы сомасы 301 млрд теңге болатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 45 млн дана кірпіш зауыты бар, ол 40 жұмыс орнын ашады.
Ауыл шаруашылығы да дамуда. Мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі шешілуде.
– 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы айналымына 2169 гектар жер тартылды. 2023 жылдан бастап ауданда халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. «Жайлау» жобасы өзін жақсы жағынан көрсетті, Қарағайлы, Сарыөзек, Озерный, Ақбұлақ, Шідерті ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі шешілді. Биыл аталмыш жоба Есіл ауылдық округінде жүзеге асырылады. Халықты жайылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады, – деп хабарлады Руслан Нұрмұханбетов.
Басым мәселелердің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Осакаровкада су құбыры желілерінің жетінші кезегінің құрылысы аяқталуда. Биыл Садовое және Трудовое ауылдарында да су құбырларын іске қосу керек. Тағы екі ауылда – Колхозное мен Шұңқыркөл су құбыры желілері салына бастады. Тұрғындары аз – 200 адамға дейін елді мекендерде суды тазарту бойынша блок-модульдер орнатылады.
Ауданда жылумен жабдықтауды да жақсартумен айналысады. Молодежный кентінде өткен жылы іске қосылған жаңа блок-модульді қазандыққа қосымша осындай екінші нысанды іске қосу жоспарлануда. Пушкин, Абай және Аспандияров көшелеріндегі 3 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді.