Қазақстанда Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы басталды

4081
Фотосурет: Gov

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды. Бұл акцияның мақсаты – батырлардың ерлігін еске алу, тарихқа тағзым ету және жастарды отаншылдыққа баулу, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Игі бастама аясында ел бойынша жалпы 86 іс-шара жоспарланған. Онда 10 мыңға жуық волонтер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Волонтерлер ескерткіш аймақтарын абаттандырып, монументтерді қалпына келтіріп, ескерткіш маңын тазалауда. Сонымен қатар ардагерлерге де көмек көрсетіп жатыр.

Іс-шаралар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтсақ Абай, Ақмола, Қостанай және Атырау облыстарында өтіп жатыр.

«Ерлікке тағзым» апталығы — ардагерлердің ерлігін ұлықтап, жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған маңызды бастама. Бұл бастама өткен мен болашақтың арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда ортақ құндылықтар қалыптастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -